«Атлахтан Қозыбасыға дейін» рухани экспедициясының маршруты Ақыртас тарихи кешенінде жалғасты.

Шерхан Мұртаза атындағы Руханият және тарихтану орталығының «Атлахтан Қозыбасыға дейін» рухани экспедициясы мен Жамбыл облыстық айтыскер ақындар, жыршы-термешілер орталығының «Жыр керуен» экспедициясы көне Ақыртас тарихи кешенінде тоғысты.
Аңыз айтылып, жыр төгіліп, терме шалқыған сәт экспедиция мүшелеріне ерекше әсер берді.


