Мемлекет басшысының өкімдерімен:
Нұржан Хажимұратұлы Каджиақбаров Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесі Аппараты Басшысының бірінші орынбасары болып тағайындалды, ол бұрынғы атқарған лауазымынан босатылды;
Руслан Фатихұлы Жақсылықов Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесі Аппараты Басшысының орынбасары болып тағайындалды, ол бұрынғы атқарған лауазымынан босатылды;
Геннадий Иванович Зуев Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесі Аппараты Басшысының орынбасары лауазымына тағайындалды.
Дереккөз: akorda.kz — Қазақстан Республикасы Президентінің ресми сайты