16 шілде 2026, бейсенбі Соңғы жаңалықтар
Мәдениет

Шераға орталығы ВАЙБКОДИНГ-пен жасалған ruhaniat.kz сайтын іске қосты.

Уақыт алға жылжыған сайын қоғамның ақпарат қабылдау тәсілі де өзгеріп келеді. Бүгінгі оқырман деректі цифрлық кеңістіктен іздейтін күнге жеттік. Кітап пен баспасөздің қатарын енді интернет кеңістігі толықтырып, тарихи-танымдық мазмұнға деген сұраныс жаңа деңгейге көтерілді. Осы үрдіске үн қосқан Шерхан Мұртаза атындағы Руханият және тарихтану орталығы өңірде алғашқы болып жасанды интеллект көмегімен әзірленген Ruhaniat.kz ақпараттық, тарихи-танымдық сайтын іске қосты.

Бұл жоба – Жамбыл өңірінің тарихын, мәдениетін, әдебиетін, тұлғаларын және халық жадында сақталған аңыздарын бір арнаға тоғыстырған таным кеңістігі. Оның басты мақсаты – өңірдің бай мұрасын көпшілікке қолжетімді етіп, ұлттық құндылықтарды заманауи форматта насихаттау.

Ұқсас жаңалықтар