2 қыркүйек 2026, сәрсенбі Соңғы жаңалықтар
Мәдениет

«Қала хикаялары» республикалық әдеби байқауына өтінім қабылдау басталды

Елімізде «Қала хикаялары» республикалық әдеби байқауына өтінім қабылдау басталды. Проза жанрына арналған байқау қазіргі Қазақстан қалаларының тыныс-тіршілігін көркем шығармалар арқылы бейнелейтін жаңа есімдерді анықтауға және қолдауға бағытталады. Байқауға қатысушыларға қала мәдениеті, адам тағдыры, қоғамдағы өзгерістер, сондай-ақ ұлттық болмыс пен заманауи құндылықтардың сабақтастығы тақырыптарын көркем туындылар арқылы жеткізу ұсынылады.

Әдеби байқауға Қазақстан Республикасының азаматтары қатыса алады. Қатысу үшін көлемі кемінде 10 авторлық баспа табақ (бір авторлық баспа табақтың көлемі 40 мың баспа таңбасын құрайды) болатын, бұрын еш жерде жарияланбаған қала тақырыбындағы романдар қабылданады. Әр автор бір ғана шығармасын ұсына алады.

Өтінімдерді қабылдау 2026 жылғы 1 қыркүйектен басталып, 31 желтоқсанға дейін qoljazba.bookfund.kz сайтында Электрондық цифрлық қолтаңба арқылы жүргізіледі.

Жүлделі орын алған туындылар 15 мың данамен басылып, еліміздің кітапханаларына таратылады.

Қосымша ақпаратты 8 (7172) 74-04-07, 8 (7172) 74-03-84, 8 (7172) 74-04-08 телефондары арқылы алуға болады.

 

ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі


Дереккөз: ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі (gov.kz)

Ұқсас жаңалықтар